Азия чемпионаты. Өзбекстан көкпаршылары үшінші орын алды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өтіп жатқан ат спорты түрлерінен Жастар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатының көкпар бойынша қола жүлде иегерлері анықталды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, көкпардан топтық кездесу аяқталып, қола жүлде үшін Өзбекстан мен Қытай құрамалары арасында өзара бәсеке өтті.
Екі команданың да өзіндік әдіс-айласы, ойындағы шеберлігі бар. Дегенмен, жаппай көкпарға төселген өзбек палуандары алаңға билік жүргізіп бақты. Қытай құрамасы да осал шағылар жаңғақ емес. Алайда, «жүйрікке жүйрік тап келсе, төрт аяғы бауырында тыпырлар» дегендей, ала шапанды ағайынның айдарынан жел есті.
Екінші таймда айтақалсын ойын болған жоқ. Сонда да есеп 2:2 болып, командалар тең түсті. Қосымша уақыт белгіленіп, мүмкіндікті тиімді пайдалана білген өзбек жігіттері салымды 3:2-ге жеткізді. Жеңіс Өзбекстан көкпаршыларының қанжығасында кетті.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан кейін финалдық ойында Қазақстан мен Моңғолия құрамалары өзара мықтыны анықтайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Күнсұлу Түрікпен: Жаттағаным екі күн жырлауға жетеді
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы