Азия чемпионаты: күрестен Қазақстан құрамасы үздік атанды

Иордания астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында ел үздіктері олжалы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байрақты бәсекеде балуандарымыз үш алтын, төрт күміс және екі қоланы жеңіп алды. Дәлірек айтсақ, 55 келіде сынға түскен Ербол Камалиев, 63 келіде Нұрсұлтан Базарбаев және 72 келі салмақ дәрежесінде белдескен Мерей Мәулітқанов қарсылас шақ келтірмей тұғырдың алғашқы сатысынан көрінді. Ал, Диас Әскербай, Расул Жүніс, Альмир Төлебаев пен Мақсат Сайлау ақтық кезенде ғана есе жіберіп, 2-орынға тұрақтады. Бақдәулет Азамат пен Асылбек Жәнібекұлы болса, қоланы қанағат тұтты. Осылайша, жерлестеріміз командалық есепте үздік атанды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы