Азия чемпионаты. Қазақстан жетінші алтынға ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында 81 келіде алтын жүлдеге қазақстандық Фариза Шолтай (81 келі) ие болды. 

Ол финалда өзбекстандық Сохиба Рузметовамен кездесті. Жекпе-жекте қарсыласынан бір бас жоғары бокстасқан Фариза Шолтайға төрешілердің күмәні болған жоқ. Бірауздан жеңісті қазақстандыққа берді.



Айта кетейік, осылайша Азия чемпионатында 7 алтын, 1 күміс, 1 қола еншілеп үлгердік. Бұған дейін Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Милана Сафронова (64 келі), Валентина Хальзова (69 келі) топ жарған. Ал 57 келідегі Владислава Кухта күміс, 75 келідегі Марина Вольнова қола жүлдені қанағат тұтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы