Азия чемпионаты: Қазақ боксшысы финалда үшінші өзбекті жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында 69 келіде қазақстан боксшы  Валентина Хальзова жеңіске жетті.

Осыдан 5 жыл бұрын әлем чемпионы құрлық біріншілігінің финалында Навбахор Хамидовадан басым түсті.
Бес төреші де жеңісті қазақстандық боксшыға берді.


Бүгінгі финалда негізінен Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының теке-тіресін көріп жатырмыз. Әзірге төрт финалдың үшеуін қазақстандық боксшылар жеңіске жетті

Айта кетейік, Азия чемпионатындағы алтынның саны алтау болды. Бұған дейін Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Милана Сафронова (64 келі) топ жарған. Ал 57 келідегі Владислава Кухта финалда өзбекстандық Ситора Тұрдыбековаға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы