Азия чемпионаты: Елордалық велошабандоз қола жүлдегер атанды

Елордалық велошабандоз Рамис Дінмұхаметов тректегі велоспорттан Азия Чемпионатында ізге түсуден командалық жарыста қола медаль иегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

4 шақырым қашықтықты ҚР ұлттық құрама командасы 4:03.129 уақытта өтіп шығып, құрлықтық біріншілікте Жапония мен Қытай командаларына ғана жол берді.

Астана қаласының тағы бір велошабандозы Дмитрий Резанов командалық спринтте 5-орынды иеленді.

Айта кетейік, 21-26 ақпан аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында тректегі велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы