Азия чемпионаты: бүгін 11 боксшымыз шаршы алаңға шығады

Бүгін Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында жартылай финал өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шыршы алаңға Қазақстан құрамасынан рингке 11 боксшы шығады. Жекпе-жекті тікелей эфирден Астана уақытымен сағат 13.00-де тамашалауға болады.

Боксшылардың қарсыластары:

48 кг. Санжар Тәшкенбай — Наттхапхонг Тхуамчароен (Таиланд)

54 кг. Нұрсұлтан Алтынбек — Ислам Торобаев (Қырғызстан)

57 кг. Махмуд Сабырхан — Джеричо Акайлар (Филиппины)

60 кг. Талғат Сырымбетов — Пхутханет Родсук (Таиланд)

63,5 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Тулга Оюнбаатар (Моңғолия)

67 кг. Абзал Серік — Пенх Вантхунг (Камбоджа)

71 кг. Сабыржан Аққалықов — Довуд Махкамов (Тәжікстан)

75 кг. Диас Молжігітов — Аиликути Кахаер (Қытай)

80 кг. Ерасыл Жақпеков — Джасурбек Юлдошев (Өзбекстан)

92 кг. Ерхат Бекзат — Нусратбек Тохиров (Өзбекстан)

+92 кг. Аманат Сабырғали — Джахонгир Зокиров (Өзбекстан).

Азия чемпионаты 26 қаңтарда аяқталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы