Азия чемпионаты: қазақстандық гандболшылар Непал құрамасын жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Джайпур қаласында өтіп жатқан гандболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Непалді жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл отандастарымыздың екінші ойыны болатын. Қазақстандықтар 46:15 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, қазақстандық гандболшылар Үндістан, Қытай, Моңғолия және Непалмен бірге В тобында өнер көрсетуде.

Біздің команда алғашқы ойында 25:32 есебімен Қытай құрамасына жол берген болатын. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы