Азия чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов финалға шықты
Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бесінші боксшымыз ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жартылай финалда тәжірибелі жерлесіміз Тәжікстан өкілі Шохобжон Шукуровпен кездесті. Өте салқынды қимылдаған Абылайхан барлық раундта сауатты түрде қорғанып, шабуылдай білді. Төрешілер шешімімен есеп - 5:0.
71 келі салмақтағы спортшымыз финалда Хавасбек Асадуллаевпен (Өзбекстан) жұдырықтасады.
Айта кетейік, бұған дейін боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Оразбек Асылқұлов пен Дулат Бекбауов Азия чемпионатының финалына жолдама алған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылорда облысында жел мен күн электр станциялары салынады
Келесі жаңалық
Өзбекстан Қазақстанға 16 млрд текше метр су жібереді
Өзгелердің жаңалығы