Азия авторларын байланыстыратын жүйе керек – малайзиялық қаламгер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Азия қаламгерлерінің І форумының пленарлық отырысында малайзиялық қаламгер, ASEAN әдеби сыйлығының иегері Мухаммад Хаджи Саллех өмірге әдебиет тілін қайтару туралы пікір білдірді. 

«Қазір әлем өте қиын жағдайда. Қақтығыстар мен соғыстар жиілеп барады. Мұндай жағдайда қаламгерлердің адында әлемді жақсы жағына қарай өзгерту міндеті тұрғандай. Біз жазып жүрміз. Бірақ, әдебиеттің маңызды екенін әлемге түсіндіруіміз керек. Бірақ әдеби тілді қазір ғылым тілі ығыстырып барады. Өмірге әдебиет тілін қайтару керек», - деді малайзиялық қаламгер. 

Мухаммад Хаджи Саллехтің пікірінше, қаламгерлерді бір-бірімен байланыстыратын жүйе керек. 


«Бізге Азия авторларының қауымдастығын құру керек. Біріккен азиялық әдебиетті зерттей алатын орталық керек. Егер мен қазақ әдебиетін, жапон немесе қытай әдебиетін оқығым келсе, сол институтқа келуім керек. Өкінішке қарай, қазір мұндай ұйым жоқ. Сонымен қатар, бізді бір-брімізбен байланыстыратын жүйе керек», - деді Мухаммад Хаджи Саллех.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласына Азия елдерінің қаламгерлерінің І форум өтіп жатыр. Форумға Азия елдерінің 40-қа жуық елдің ақын, жазушылары қатысуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы