«Азия Автоға» қатысты сот шешімі өзгермейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 21 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы ашық сот отырысында ҚР ИИДМ-нің «Азия Авто» АҚ және "Азия Авто Қазақстан" АҚ 2017 жылғы 7 сәуірдегі 8703 ТН ВЭД ТС  тауар позициясымен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді бұзу және 2019 жылғы 4 қарашадағы № 1 қосымша келісімді жарамсыз деп тану туралы ісі қаралды.

Отырыс қаулысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 24 тамыздағы шешімі өзгеріссіз қалады, жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырылмайды.

Қаулы ол жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді, сондай-ақ заңды күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде Қазақстан Республиканың Жоғарғы соты кассациялық тәртіппен қайта қарауы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР ИИДМ "АЗИЯ АВТО" компаниялар тобымен болған мәселеге байланысты  бірнеше мәрте түсініктеме берген болатын. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім шеңберінде өндірістік қуаттарды салу және пайдалануға беру бөлігінде "Азия Авто" АҚ және "Азия Авто Қазақстан" АҚ міндеттемелерін толық орындаған жағдайда, уәкілетті орган қолданыстағы заңнама шеңберінде мемлекеттік преференциялар беруді көздейтін жаңа келісім жасау туралы мәселені қарайтын болады.

Холдинг кәсіпорындарының қызметкерлерін қосымша хабардар етеміз, қызметкерлерді негізсіз жұмыстан босату жағдайында Министрлік аталмыш деректерді тексеру үшін ҚР Мемлекеттік еңбек инспекциясына өтініш беруді сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы