Қазіргі көрмелердің тиімділігі төмен – маман 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығына арналған көрмені егістік жерге барып ұйымдастырған тиімді. Мұндай пікірді заманауи және жоғары сапалы ауылшаруашылық жабдықтар көрмесіне келген "Еврохим" ЖШС сату жөніндегі директордың орынбасары Қанат Қанафин айтты.  

Халықаралық ауылшаруашылық көрмесінде бірегей технологиялармен жұмыс жасайтын мамандармен қатар, бау-бақша және мал шаруашылығы саласындағы технологиялармен танысуға болады.
Біздің  компаниямыздың атауы - "Еврохим" ЖШС. Өзім ди Біз ауыл шаруашылығы нарығында 3 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеміз. Ресейдің алдынғы қатардағы зауыттарынан тыңайтқыш әкеліп сатамыз. Сульфа амафос, амафос т.б. күрделі кешенді тыңайтқыштар әкелеміз. Карбомит, селитра т.б. бар. Қазақстанда сұраныс өте жоғары. Солтүстік Қазақстанда фосфор тобы, оңтүстікте нейтро амафос алады. Біз өнімді әкеліп сатып қоймаймыз. Оның бар қызметін, әсерін толық түсіндіреміз. Қандай дақылға қандай тыңайтқыш керек, қандай тыңайтқыштардың кешенін қолдануды үйретеміз, - деді Қанат Қанафин.


Спикердің айтуынша, Жамбыл облысында тыңайтқыш шығаратын зауыт салынып жатыр.
Біздің компания Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан нарығында жұмыс істейді. Қазір жылына 70-80 мың тонна өнім сатамыз. Осында "Еврохим Қаратау" филиалымыз бар. Қазір Жаңатас қаласында зауыт салынып жатыр. Үлкен жоба. 2025 жылы пайдалануға берілуі керек. Сонда біз Ресейден әкеліп жүрген кешенді тыңайтқыштарды өзімізде шығаратын боламыз, - деп жалғастырды Қанафин. 
Айтуынша, соңғы жылдары көрме өткізудің тиімділігі төмендеді. 
Бұрын мұндай көрмелер клиент табуға көмектесетін. Қазір интернет бар. Керек ақпаратты сайтымыздан көріп, біліп алады. Бізге көрме келгеннен гөрі сатып алатын потенциал клиенттермен тікелей сөйлескен тиімді. Егістікке барып көрме ұйымдастырған әлдеқайда тиімді, - деді спикер.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы