Әзірге шетелдік азаматтардан ПТР тест талап етілмейді – Ажар Ғиният

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният шетелден келетін азаматтардан не себепті ПТР тест талап етілмей отығанын айтты.

Алматы, Нұр-Сұлтан қаласындағы вирус жұқтырған азаматтардың эпидемиологиялық анамнезін қарағанда, 5 пайызы ғана шетелден келген немесе шетелдегі адамдармен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Осыған қарап індеттің ауру ел ішінде таралып отырғаны белгілі болды. Сол себепті әзірге шетелден ПТР тестпен кіргізу талабын қарастырып жатқан жоқпыз,- деді Ажар Ғиният.

Ол елдегі бүкіл денсаулық сақтау ұйымдары коронавируспен күресуге дайын екенін жеткізді.

Мамандардың болжамынша, осы айдың ішінде аурудың өсімі байқалады. Сараптама жүргізіп қарасақ, коронавирус былтыр да, оның алдыңғы жылдары да дәл осы айларда өскен. Яғни, инфекциялық аурулардың маусымдық өсімі болған. Біз барлық сценарийге дайынбыз. Бұған дейін тәулігіне 16 мыңнан астам ауру тіркелген кездер болған, біз оны да еңсердік. Қазіргі кезде тәулігіне 187 жағдай тіркеліп отыр, - деп атап өтті Ажар Ғиният.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы