Әзірге еш заң бұзушылық болған жоқ – бақылаушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Ұлттық музейде орналасқан №52 сайлау учаскесінде 5 тәуелсіз бақылаушы тіркелген. Олар сайлаудың әділ және таза өтуін, заң бұзылмауын бақылайтын болады.

Бақылаушылар «Нұр Отан» партиясы, «Ұлт Тағдыры» қоғамдық қозғалысы және «Аманат» азаматтық платформасының атынан тіркелген.

Бақылаушылардың айтуынша әзірге еш заңбұзушылықтар байқалмаған. Барлығы да заң шеңберінде өтіп жатыр.

«Таңғы 5.00 мен 6.00 аралығында арнайы комиссия мүшелерінің және барлық бақылаушылардың қатысуымен дауыс беру парақшалары саналып, мөр басылды. Комиссия төрағасы барлық бақылаушылармен санасып, сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне мүмкіндік жасауда. Биылғы сайлаудың ерекшелігі, халық өте белсенді. Кейбір кісілер сайлау учаскесі ашылмай тұрып келді. Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейде орналасқан №52 сайлау учаскесінде 4661 сайлаушы келіп дауыс беруге құқылы. Қазір шамамен сайлаушылардың 30%-дан астамы дауыс беріп үлгерді», - дейді «Ұлт Тағдыры» қоғамдық қозғалысы атынан бақылаушы болып тіркелген Асылбек Жәрімбетов.

 

Айта кетейік Ұлттық музейде орналасқан №52 сайлау учаскесіне жаңа ғана «Ауыл» партиясы атынан ҚР президенттігіне үміткер Төлеутай Рақымбеков келіп өз таңдауын жасаған болатын.


 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы