Әзірге дәрі-дәрмек қоры жеткілікті – Қалиев
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы аумағындағы 23 денсаулық сақтау ұйымында 43 егу пункті бар, олардың ішінде 15-і - қалада, 28-і аудандарда орналасқан.
Бұл туралы жергілікті әкімдіктің Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, өңірдегі 18 жастан асқан 582 000-дай азамат коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауға жатады екен. Қазіргі таңда 255 151 тұрғын екпе алып үлгерген, бұл жалпы жамбылдықтардың 43,8 %-ын құрайды.
Биылғы ақпаннан бастап аймаққа 10 000 доза QazCovid-in отандық вакцинасы жеткізіліп, 5 000 адамға егілді. Сонымен қатар 231 700 доза «Спутник V» вакцинасының бірінші компоненті мен 173 425 доза екінші компоненті әкелінді. 60 000 доза Hayat-Vax вакцинасы сатып алынып, 30 000 тұрғынға егілді. 34 000 доза CoronaVac екпесін 17 000 адам салдырды, - деп атап өтті басқарма басшысы.Ол жалпы өсіммен өңірдегі 255 151 тұлға вакцинаның бірінші компонентімен қамтылғанын айтты. Оның ішінде 4 995 азамат отандық, 203 645 азамат «Спутник V», 29 911 адам Hayat-Vax екпелерін салдырса, 16 598 азамат CoronaVac вакцинасын қабылдаған. Бұлардың 17 805-і, яғни 7 %-ы медицина саласының қызметкерлері болса, 32 978-і – 13 %-ы білім беру мекемелерінің мамандары екен. 18 630-ы арнайы күштердің қызметкерлері, 5 978-і мемлекеттік қызметкерлер және басқалары 179 760-ты құрайды.
Екпенің екінші компонентін алғандардың есебі жалпы өсіммен 136 328 адамға жеткен. Оларға да вакцина салдырғаннан кейін ешқандай асқынулар тіркелген жоқ. Бүгінде қорда отандық вакцинаның 3 дозасы ғана қалды. Hayat-Vax қалған жоқ. Ал «Спутник V» екпесінің бірінші компонентінен – 28 055, екінші компонентінен 73 731 доза қалды. CoronaVac болса, алғашқысынан 402 доза, кейінгісінен 8 079 доза тұр, - деді Әсет Әскерұлы.
Оның айтуына қарағанда, Жамбыл облысы аумағында жалпы COVID-19 індетін жұқтырған 10 587 науқас тіркелген. Аурушаңдылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 929,8-ді құрап отыр екен. Пневмонияға шалдыққандардың саны 5 138 болса, мұны 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 451,2.
Өткен тәулікте қауіпті індеттің 77 жағдайы орын алды, бұл тәуліктің өсімнің 0,7 % екенін аңғартады. Бұл алдынғы күнмен салыстырғанда 6 жағдайға немесе 8 %-ға өскен, Пневмониямен ауырған 58 науқас анықталды. Тәуліктің өсім – 1,1 %. Мұны алдыңғы тәулікпкен салыстырсақ, 16 жағдайға немесе 22 %-ға төмендегенін байқаймыз, - деді жауапты маман.Қазіргі таңда өңірдегі инфекциялық стационарларда 2 075 төсек-орын болса, оның 1 164-і толған. Ал реанимациялық төсек орындарда қауіпті індет жұқтырған 62 адам ем алып жатыр. Басқарма басшысының берген мәліметіне сүйенсек, карантиндік стационарларға 22 азамат орналастырылған. Онда барлығы 170 төсек-орын бар.
Жамбыл облысында 159 мобильдік топ жұмыс істейді. Әзірге дәрі-дәрмек қорымыз жеткілікті. Мамандар бойынша бойынша да мәселе туындап жатқан жоқ, - деді Қалиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде қанша адам вакцина салдыртты?
Өзгелердің жаңалығы