Әзірбайжанда оқушылар мінген автобус құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бакуден 300 шақырым жерде орналасқан Әзірбайжанның Шеки қаласында мектеп оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар мінген автобус аударылып, жыраға құлады деп хабарлайды Sputnik Әзірбайжан.

Isuzu маркалы автобус жолдан шығып, жартасқа құлады. Апат кезінде автобуста жүргізушіден басқа тағы 22 адам болды - 16 оқушы, 6 педагог және ата-ана. Барлық жолаушы Самух ауданының тұрғындары, – делінген хабарламада.

Оқиға орнына ерекше қауіпті жағдайдағы құтқару қызметінің құтқарушылары дереу жіберілген. 

Зардап шеккендер Щекин орталық аудандық ауруханасына жеткізілген. Оқиға фактісін республиканың Төтенше жағдай министрлігі растады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы