11 Мамыр 2024 2024, 23:15
Фото: pixabay.com
Әзірбайжанда күшті жер сілкінісі болды
Әзірбайжанда күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әзірбайжанда күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы елдің республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді.
Сейсмологтар жергілікті уақыт бойынша сағат 17:23-те (Астана уақытымен 18:23) Ленкоран ауданындағы Талыш тауларында магнитудасы 5,5 балға жеткен жерасты дүмпулерін тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы 18 шақырым тереңдікте орналасқаны белгілі болды.
Жер сілкінісінің қуаты 6 балды құрап, жақын жатқан аудандарда 5,3 балды көрсетті, - делінген хабарламада.
Әзірге бүлінген ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.