Әзірбайжан әскерлері Таулы Қарабаққа тағы шабуыл жасамақ болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында әзербайжандық әскерилер Таулы Қарабақтың бекетіне шабуыл жасамақ болды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Таулы Қарабақтың қорғаныс әскері ведомствосының баспасөз қызметі.
11 желтоқсанда сағат 20:40-та қарсы жақ оңтүстік бағыттағы әскери бекетке шабуыл жасамақ болды. Екі тарап арасындағы текетірес салдарынан үш армениялық әскери жараланды, - делінген хабарламада.Әзербайжан тарапы жағдай туралы түсініктеме бермеді.
Айта кетейік, Таулы Қарабақтағы әскерилердің бірнеше айға созылған жауынгерлік әрекеттері 9 қарашада тоқтатылған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы