Қазір заман өзгеріп жатыр – заңгер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі, заңгер Марат Бәшімов митингілерді өткізу туралы әзірленген жаңа заң жобасына қатысты пікір білдірді.
Бүгінгі таңда заман өзгеріп бара жатыр. Себебі,қазір пікіріңді айтқың келсе,әлеуметтік желі арқылы таратады. Мысалы, митингке келген адамның жүрегі қысып қалса, сол жерде дәрігерлер тұрса жақсы емес пе? Полиция қызметкерлері де тәртіпсіздіктің орын алмауына баскөз болып тұрса тиімді. Бұл тілшілердің де жұмысына жеңілдік береді. Митингтің белгіленген жеріне кеп, ақпарат тарата береді. Бұл көше кезіп жүргеннен әлдеқайда жақсы.Қазір ақпарат тез тарайды, - деді Марат Бәшімов.Оның айтуынша,250 адам ғана қатыса алады деген тетік алынып тасталған.
Арнайы органдар,қоғамдық бірлістіктер өңірлерді аралап,халықтың пікірін білді. Мысалы, Жамбыл облысында үлкен өзгерістер енді. Қоғамның пікірі тыңдалды,сол үшінде 250 адам ғана қатыса алады деген тетік алынып тасталды, - деді Марат Бәшімов.Митинг кезіндегі ішкі істер қызметкерлерінің этикасына қатысты норма керек. Мұндай ұсынысты митингті талқылау кезінде Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов айтты. Заң ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Амандықова митингтерді өткізу туралы әзірлеген жаңа заң жобасында қай елдердің тәжірибелері ескерілгенін айтты. Жүргізілген сауалнама бойынша респонденттердің 21,4 пайызы ғана Қазақстандағы митингтерге оң көзқараспен қарайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада ешқандай бұқаралық іс-шара өткізілмейді – әкімдік
Өзгелердің жаңалығы