Қазір халыққа мемлекеттің қамқорлығы қажет – Бегалиева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір халыққа мемлекеттің қамқорлығы қажет, деді "ITeachMe" құзыреттілікті дамыту орталығы" қоғамдық қорының директоры Захира Бегалиева.
Мемлекет басшысының тапсырмасы өте уақытылы болды. Себебі азаматтардың сенімі төмендеп бара жатыр еді. Халық мемлекеттің оны еститінін сезінуі керек және күн сайын кездесетін проблемаларды білетініне көз жеткізуі керек, - деді ол.Бегалиева айтқандай, халық мемлекеттің қамқорлығын қажет етеді.
Ауруханаларда орындардың болмауы, дәріханаларда дәрілердің болмауы және күн сайын желі мен БАҚ-та шығып жатқан өзге қиындықтар проблеманың барына куә болды. Мұның бәрі азаматтық эмоциялық тұрақсыздықты тудырады. Мемлекеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуына қатаң бақылау жасау қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасы халыққа қамқорлық таныту сияқты аса маңызды болып отыр. Себебі, қазір халыққа мемлекеттің қамқорлығы қажет, - деді Бегалиева.Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Президент пандемия кезіндегі жұмысты сынға алып, мемлекеттік органдарға жаңа тапсырмаларды жүктеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Айтыскер Мұхтар Ниязов жаңа қызметке тағайындалды
Келесі жаңалық
Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды
Өзгелердің жаңалығы