Қазір балалар көп ауырып жатқан жоқ – Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК барып, ресейлік «Гриппол+» вакцинасын салдыру барысында айтты.
Біз қазір 5000 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратын сатып алуды көздеп отырмыз. Оның алды келе бастады. Қазіргі таңда еліміздегі медициналық мекемелерде 3000-нан астам ӨЖЖ аппараты орнатылған. 1500 аппаратты отандық өндірушілер шығарған. Алдағы бірнеше апта көлемінде тиісті құрылғының бәрі жеткізілетін болады, - деді министр.Цой Еуропа және ТМД елдерінде коронавирус инфекциясының өршіп келе жатқанын жеткізді.
Біз елдегі эпиджағдай тұрақты болғанына қарамасқан, төсек-орын қорын дайындап, тиісті дәрі-дәрмекпен қамтып жатырмыз. Ең маңызды дүние – маска режимі мен әлеуметтік арақашықтық. Себебі, сырқаттанушылықтың 30 пайызы маска тағуға, 40 пайызы арақашықтық сақтауға байланысты. Өкінішке қарай, кейбір адамдар маска режимін сақтамайды. Вирустың екінші толқынының болу-болмауы әрқайсымызға тікелей қатысты, - деді ол.Министр, сонымен қатар, күзгі маусымда коронавирустың балаларға әсеріне тоқталды.
Біз барынша бақылап отырмыз. Қазір балалар көп ауырып жатқан жоқ. Күн сайын эпидемиологиялық сараптама жасалуда, - деді ол.
Айта кетейік, бүгін Алексей Цой Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК барып, ресейлік «Гриппол+» вакцинасын салдырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Агротур: Константиновка ауылына сапар
Өзгелердің жаңалығы