Әзілханов «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығының ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Алматы облыстық ҚХА жанындағы этномәдени орталықтары мен облыстық «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысы мүшелері және еріктілердің жұмысымен арнайы танысу мақсатында кездесуі өтті.

 
Кездесуге АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Дандыбаев, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


ҚХА-ның бүгінгі таңдағы басты міндеттерінің бірі - этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты мен ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының жұмысын жандандыру. Кездесу барысында Марат Әзілханов этномәдени бірлестіктер мен «Жаңғыру жолы» өңірлік жастар қозғалысының өкілдері облыс, қала және аудан әкімдіктері жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңесі құрамына еңгізетінін атап өтті, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, Ақсу ауданы, Қапал ауылдық округі аппаратының бас маманы, Мемлекеттік тіл жанашыры, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Владимир Чепель өзге этностар арасында Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру жөнінде өз ойын білдірді.


Кездесу барысында «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының төрағасы Руфина Усанова атқарылған жұмыстар туралы айтып, ауқымды іс-шараларды өткізу бойынша ұсынысын білдірді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы