22 Қыркүйек 2026, 08:10 Фото: olympic.kz

Азиада-2026: жүзгіш Ксения Игнатова алтын жүлде үшін бақ сынайды

Отандасымыз қашықтықты 2:14.29 уақытта жүзіп өтіп, жалпы есепте жетінші орынға ие болды. Осылайша ол финалға жолдама алды.

Бүгін, 22 қыркүйекте Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жүзу бәсекелері жалғасуда.

Қазақстан құрамасының өкілі Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден іріктеу кезеңінде сынға түсті.

Отандасымыз қашықтықты 2:14.29 уақытта жүзіп өтіп, жалпы есепте жетінші орынға ие болды. Осылайша ол финалға жолдама алды.

Айта кетейік, финалдық сайыстар бүгін өтеді.