Азиада-2025-тегі алғашқы финалдар: 8 ақпандағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
8 ақпанда Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде алғашқы финалдар өтеді. Қазақстан құрамасының спортшылары да жүлделі орындарға таласады.
Назарларыңызға бүгінгі жарыс кестесі ұсынылады.
Спорт түрі: Шорт-трек, ерлер мен әйелдер, аралас эстафеталық команда
Қашықтықтар: 500 м, 1000 м, 1500 м, эстафета (1/4 финал, 1/2 финал, финал)
Қатысушылар: Ольга Тихонова, Малика Ермек, Яна Хан, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева, Мадина Жанбусинова, Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Айбек Насен, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко
Басталуы: 07:06
Спорт түрі: Тау шаңғысы, әйелдер. Слалом
Қатысушылар: Александра Троицкая, Александра Скороходова, Мария Шкабарова, Ксения Бережная
Басталуы: 07:00; 09:00
Спорт түрі: Шаңғы жарысы, ерлер мен әйелдер. Спринт, іріктеу және финалдар
Қатысушылар: Мария Люфт, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина, Ілияс Исабек, Владислав Ковалев, Константин Борцов, Олжас Климин
Басталуы: 08:00; 10:00
Спорт түрі: Шайбалы хоккей, ерлер. Топтық кезең
Ойын: Жапония – Қазақстан
Басталуы: 09:00
Спорт түрі: Конькимен жүгіру спорты, ерлер мен әйелдер. 100 метр және 1500 метр. Финалдар
Қатысушылар: Никита Важенин, Артур Галиев, Алтай Жәрдембекұлы, Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Инесса Шумекова, Маргарита Галиева, Роман Биназаров, Демьян Гаврилов, Бақдәулет Сағатов, Нұралы Ақжол, Марина Деген, Кристина Шумекова, Надежда Морозова, Арина Ильященко
Басталуы: 09:00