Азиада-2025: Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары жалғасуда. 10 ақпан күні керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан құрамасының сапында Тилсимай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.
Топтық кезеңде отандастарымыз Тайбэй құрамасымен кездесті. Қазақстандықтар қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 0:14 есебімен жеңіске жетті.
Келесі матч Астана уақытымен сағат 16:00-де Қытай құрамасына қарсы болмақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда 28 айыппұлы төленбеген көлік ұсталды
Өзгелердің жаңалығы