Азиада-2025: астаналық спортшылар ел намысын қорғайды

2025 жылдың 7-14 ақпан күндері Қытайдың Харбин қаласы мен Ябули тау шаңғысы курортында IX қысқы Азия ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл беделді спорттық жарысқа рекордты көлемде 34 ел қатысады деп күтіліп отыр. Жарыс барысында 11 дисциплинадан 64 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстан құрамасынан 137 спортшы Харбиндегі қысқы Азиадаға қатысады. Жерлестеріміз 6 спорт түрінен 10 дисциплинада өнер көрсетіп, 51 медаль жиынтығын сарапқа салатын болады.

Астана қаласынан 5 спорт түрінен 37 спортшы (конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей (ерлер мен әйелдер), керлинг) ел намысын қорғауға шықпақ. Олардың арасында Харбиндегі Ойындардың ашылу салтанатында еліміздің байрағын Астана қаласының хоккейден ҚР спорт шебері Әділ Бекетаев көтереді.

Айта кетейік, Харбин қаласы екінші рет осы айтулы жарысты қабылдап отыр. Бұған дейін 1996 жылы жарыс қожайыны болған. Сол сәтте Қазақстан алғаш рет бәсекеге қатысқан еді.

Конькимен жүгіру спорты
1. Нұралы Ақжол;
2. Дарья Важенина;
3. Артур Галиев;
4. Елизавета Голубева;
5. Алтай Жәрдембекұлы;
6. Бақдаулет Сағатов;
7. Кристина Силаева;
Мәнерлеп сырғанау;
1. Диас Жиренбаев;
2. Софья Самоделкина;
Керлинг
1. Мерей Тастемір;
2. Әділ Жұмағожа.
Шорт-трек
1. Әділ Ғалиахметов;
2. Малика Ермек;
3. Мадина Жанбосынова;
4. Айбек Нәсен;
5. Абзал Әжіғалиев.
Шайбалы хоккей / әйелдер
1. Анастасия Оразбаева;
2. Надежда Филимонова;
3. Александра Щегай;
4. Александра Воронова;
5. Екатерина Куценко;
6. Арина Щёколова;
7. Юлия Буторина.
Шайбалы хоккей / ерлер
1. Джелал-ад-дин Әмірбеков;
2. Әділ Бекетаев;
3. Дмитрий Бреус;
4. Данил Бутенко;
5. Самат Данияр;
6. Тамирлан Гайтамиров;
7. Вячеслав Колесников;
8. Әлихан Өмірбеков;
9. Руслан Оспанов;
10. Кирилл Панюков;
11. Максим Павленко;
12. Евгений Рымарев;
13. Кирилл Савицкий;
14. Андрей Шутов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы