Азиада-2023: Қоржын екі қола медальмен толықты
Динара Куджулова Азия пара ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық Динара Куджулова Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды.
Үшінші орын үшін сайыста біздің отандасымыз өзбек спортшысы Мұхарраммхон Абдусаматованы жеңді. Жекпе-жек 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.
Сонымен қатар, Бауыржан Арыстанбеков та Азия пара ойындарының қола жүлдегері атанды.
Қазақстандық спортшы Бауыржан Арыстанбеков пара дзюдодан қола медаль жеңіп алды.
Үшінші орын үшін күресте біздің отандасымыз Индонезиядан келген палуанды жеңді. Жекпе-жек 90 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Азиада-2023: Финалда екі қазақ кездесті
Келесі жаңалық
Қазақстанда 271 музей жұмыс істейді – министр
Өзгелердің жаңалығы