23 Қазан 2023 2023, 15:57 Фото: Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы

Азиада-2023: Парадзюдошы қола жүлде жеңіп алды

Әнуар Сариев - Азия пара ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналына сілтеме жасап.

Әнуар Сариев - Азия пара ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналына сілтеме жасап.

Ханчжоуда өтіп жатқан IV Азия пара ойындарында пара дзюдодан (J2 санаты бойынша) 60 келі салмақта өнер көрсеткен Әнуар Сариев қола жүлде үшін өткен кездесуде Лондон Паралимпиадасының күміс жүлдегері Сюй Чжаоды жеңді.