Азиада-2023: Ел қоржынына тағы бір күміс түсті

Галина Дуванова Азия ойындарында күміс жүлде алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналына сілтеме жасап.

Галина Дуванова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Джиу-джитсудан 57 келі салмақта әлем чемпионатының 3 мәрте қола жүлдегері Галина Дуванова финалдық бәсекеде Филиппин спортшысы Анние Рамирезке 0:2 есебімен ұтылып, 2-орынға ие болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы
Өзгелердің жаңалығы