Азиада-2023: Давид Дегтярев алғашқы алтын медальді еншіледі

Давид Дегтярев - IV Азия пара ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы мәлім етті.

Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев Азия пара ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алды. 

54 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп бастаған ол 187 кг көтерді. 

Екінші орынды иеленген қытайлық Янг Yang Jinglang 185 кг, ал үшінші орында вьетнамдық спортшы An Nguyen 184 кг көтерді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы
Өзгелердің жаңалығы