9 Сәуір 2025 2025, 15:58 Фото: pixabay.com

Ажырасу салығы: Әлі нақты шешім қабылданған жоқ

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев ажырасқандарға салықты көбейту туралы ұсынысты түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев ажырасқандарға салықты көбейту туралы ұсынысты түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұны жұмыс тобында талдап жатырмыз. Әлі нақты қорытындысын алған жоқпыз. Үкімет ажырасқандарға қатысты ұсынысты депутаттарға жасады. Егер (ерлі-зайыптылар) ажырасатын болса, онда салықты көбейту туралы ұсыныс айтылды, - деді депутат.

Бұған дейін депутат Берік Бейсенғалиев ажырасу үшін мемлекеттік бажды 20 АЕК-ке (78 640 теңге) дейін арттыру ұсынылып отырғанын айтты.