Бүгiн 2026, 17:20 Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат

«Ажырасу өте оңай»: Қазақстанда неке бұзу тәртібі қиындатылмақ

Қазақстанда ажырасу тәртібін қайта қарау мәселесі талқылануда.

Қазақстанда ажырасу процедурасын қайта қарау мүмкіндігі, оның ішінде міндетті медиацияны енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда неке бұзу рәсімі тым жеңілдетілген.

Бізде ажырасу өте оңай - шағын мемлекеттік баж салығын төлеп, қарапайым процедуралардан өту жеткілікті. Мүмкін, бұл тәсілді қайта қарау керек шығар, - деп атап өтті ол.

Ұсыныстардың бірі - ажырасуға дейін міндетті медиация (татуластыру процесін) енгізу.

Бұл жұптарға сотқа дейін жанжалды реттеп көруге мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Имашева.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ажырасудың ең қауіпті кезеңі анықталған болатын. 

Тағы оқи отырыңыздар:

"Уайымға түсіріп, отбасынан ажырасуға дейін жеткізеді": Депутат психологтардың жұмысын сынға алды

Бұрынғы ерлі-зайыптылар бір-бірінің банк шотын тексере ала ма? – Конституциялық сот жауап берді

Қазақстанда неке қию көрсеткіші күрт төмендеді