Ажырасуға бел байлаған 774 жанұя қайта татуласқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дағдарыс орталықтарының мамандарымен сөйлесіп, кеңескеннен соң 774 жанұя татуласып, қайта бас қосқан.
Биыл "Бақытты отбасы" жанұяларға ресурстық қолдау көрсету орталықтарына республика бойынша 2143 адам көмекке жүгінген. Соның ішінде 2030 адам ажырасу бойынша келген. 1100 отбасы балаларының қайда тұратынын шеше алмай, ортақ мәмілеге келе алмаған. Орталыққа жүгінген тұрғындар – 20-77 жас аралығындағы ел азаматтары екен.Бұл туралы "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" атты республикалық акцияның басталуы жөнінде өткен баспасөз брифингінде белгілі болды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық отбасылардың ажырасуына алып келеді. Зорлық тек физикалық тұрғыдан күш көрсетіп, қол жұмсау ғана емес. Психологиялық тұрғыдан да жәбір көрсетуі мүмкін. 36-дан астам елордалық жаняұлардың ажыраспай, татуласуына көмектестік. Ажырасу жағдайында балалардың пікіріне, ойына құлақ асу аса маңызды. Психологтар мен медиаторлар тынбай жұмыс істеді. Ерлі-зайыптыларға отбасын сақтап қалуға айтарлықтай әсер етттік. Отбасылық қиындықтардың басым бөлігі материалдық жетіспеушілік, несиені төлеу мен қаржылық қиындықтарға байланысты туындайды, - дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы отбасыларды ресурстық қолдау орталығының үйлестірушісі Екатерина Кавлис.Оның сөзіне сүйенсек, егер отбасы бақытты болса, онда мемлекет оған араласып, кіріспейді. Әлеуметтік жобаның басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға демеу болу.
Сонымен қатар, Қазақстанда Жоғарғы соттың бастамасымен "Татуластыру орталықтары" ашылған екен.
Ерлі-зайыптылар бір-біріне психологиялық қысым көрсетеді. Әйел де, сол сияқты ер адам да қысым көрсетуі мүмкін. Жұптар менің алдыма келгенде сондай агрессияға берілген, ашуға булығып келеді. Басым бөлігі екіжақты жауапкершіліктің жоқтығынан туындайды. Біз отбасылық дағдарысты бірлесе шешуге болатынын түсіндіреміз. Адам өскен сайын белгілі бір қиындықты бастан кешеді. Бүгінде ер адамдар емес, әйелдер жұбайына жиі опасыздық жасайды. Әңгімелесу керек екенін, яғни құлақ асып тыңдау қажет екенін оларға түсіндіруге тырысамыз, - дейді дағдарыс орталығының психологы Диана Бейісова.
Айта кетейік, алдағы уақытта агрессорларды оқшаулайтын орындар ашылатын болады.
Бұған дейін елімізде "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" атты республикалық акция басталғанын хабарлаған болатынбыз. Бұл акция тек елордада ғана емес, республикалық деңгейде өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үркерде мұз айдыны ашылды
Өзгелердің жаңалығы