Ажар Ғиният: Қарағанды облысында COVID-19-ды қайта жұқтыру жағдайы нақты тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Пандемия кезінде ана мен бала денсаулығын қорғауға» қатысты онлайн брифинг кезінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде коронавирусты қайтадан жұқтырған жағдайлар турасында айтып берді. 

Кейбір елден осындай жаңалық шығып жатыр. Қайтадан ауырған адамдардың бір-екі жағдайы тіркелгенін әлем елдерінде дәрігерлер өздерінің ақпараттарында жазып жатыр. Батыс Қазақстандағы болған жағдай - ол Батыс Қазақстан облысында ең бірінші болған жағдай. Бірінші рет ол кісі ауырғанда эпидемиологиялық анамнезі, яғни кімнен жұққаны, қайдан келгені белгісіз болды. Сондықтан қазіргі таңда осыған байланысты қайтадан ауырды дегенді комиссия тарапынан мамандар қарап, есептемей отыр. Бірақ Қарағанды облысында қазір бір жағдай тіркелді. Бірінші жағдайында да аурудың толық клиникалық сипаты болған. Барлық инструменталдық, зертханалық анализбен дәлелденген. Екінші жағдай осы қазан айының ішінде сондай аурумен қайта түсіп, ПТР-тесті оң болған. Сондықтан осыны біз қайтадан ауырған жағдай деп тіркеп отырмыз, - деді вице-министр.

Айта кетейік, ол бұған дейін елімізде COVID-19 диагнозымен 3 164 бала тіркелгенін мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19. 200 оқушы бақылауда
Өзгелердің жаңалығы