Ажар Ғиният ДДҰ ЕӨБ марапатын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы ресми өкілі Кэролайн Кларинваль «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті барысында ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге атынан ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа марапатты табыс етті.
Бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі д-р Ажар Ғиниятқа д-р Ханс Клуге атынан және ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының және ДДҰ Қазақстандағы елдік офисінің барлық қызметкерлері атынан марапатты табыстау мен үшін үлкен құрмет. Қазақстанда 19 маусым күні аталып өтілетін Медицина қызметкерлерінің келе жатқан күніне байланысты, доктор Ғиниятқа марапатын тапсыру ерекше толқытарлық. Доктор Ғиният, мен Қазақстандағы пандемиямен күреске қосқан зор үлесіңіз үшін алғыс айтамын және сізге және Қазақстанның барлық денсаулық сақтау қызметкерлеріне зор денсаулық, амандық тілеймін, өзіңізді қорғаңыз, - деді Кэролайн Кларинваль марапатты ҚР ДСМ басшысына табыстай отырып.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада бірқатар алаяқтық пен тонау жасаған күдікті ұсталды
Келесі жаңалық
Алматыда жыл соңына дейін 16 жатақхана пайдалануға беріледі
Өзгелердің жаңалығы