Қазгидромет мамандары Шу өзенінің суын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары 2020 жылғы 29 ақпандағы Шу өзенінде кезектен тыс су сынамаларын алудың анықтамасын жариялады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары 2020 жылғы 29 ақпандағы Шу өзенінде кезектен тыс су сынамаларын алудың анықтамасын жариялады.
БАҚ және Facebook әлеуметтік желісінде Шу өзеніне құятын Қырғызстан Республикасының аймағында Аламедин және Ала-Арча өзендерінде судың жасыл түсінің пайда болуы туралы ақпаратқа байланысты, "Қазгидромет" РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы Қайнар ауылының ауданында 2020 жылғы 29 ақпанда Шу өзені суының сынамасын жоспардан тыс іріктеуді ұйымдастырды (Қырғызстанмен шекарасынан шамамен 20 шақырым). Шу өзенінде көзбен шолып қарағанда су табиғи түсті, бөтен иісі жоқ, суға тән емес құбылыстар табылған жоқ, - делінген хабарламада.
Ауыр металдарды, органикалық және биогенді заттарды анықтау үшін су сынамаларының физика-химиялық талдауының нәтижелері 2020 жылғы 2 наурызда ұсынылатын болады.
- Иран қандай жағдайды кек қайтаруды тоқтататынын мәлімдеді 00:32
- Алматы тауларында қар көшкінін түсіруге заманауи технология қолданылды 12.03.2026
- Ормуз бұғазындағы шабуылдар: сегіз теңізші қаза тапты 12.03.2026
- Павлодар облысында қар құрсауында қалған 26 адам құтқарылды 12.03.2026
- Ақтөбеде аулалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды 12.03.2026
- Мәулен Әшімбаев: Жаңа сын-қатерлерді еңсерудің жасампаз жолы 12.03.2026
- Боранға байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды 12.03.2026