Қазгидромет Қарағандыда түтін пайда болуының себебін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандардың айтуынша, Қарағандыда пайда болған түтін Сібірде болған орман өрттерінің салдары. Ондағы өрт болып жатқан аумақтың ауданы 2 млн гектардан асып кеткен екен. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Дәл осындай жағдай СҚО, Ақмола және Павлодар облыстарында да байқалған.

Мамандардың айтуынша, соңғы бірнеше күнде Қарағандыда ластаушы заттар бойынша шекті ұйғарынды концентрациядан асу деректері тіркелмеген. Сондай-ақ, Қарағанды облысында жоғары және экстремалды ластану жайттары байқалмаған.

Ауаның ластану деңгейін бақылайтын бекеттер тәулік бойы жұмыс істеуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы