15 Наурыз 2026, 13:56
Фото: ©BAQ.KZ/Арман Мухатов
Әзербайжанның ОСК төрағасы Қазақстандағы 50 сайлау учаскесін аралады
Әзербайжандық бақылаушылар 50 сайлау учаскесін аралады
Әзербайжанның ОСК төрағасы Қазақстандағы 50 сайлау учаскесін аралады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әзербайжан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Панахов Мазаир Магоммедоглы бүгін Қазақстандағы референдумның өту барысын өзі бақылап жүр.
Делегация осы уақытқа дейін 50 сайлау учаскесінде болып үлгерді. Сапар барысында дауыс беру процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны аталып өтті. Яғни барлық учаскелер қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген, санитарлық және техникалық талаптар сақталған, ал дауыс беру тыныш әрі реттелген жағдайда өтіп жатыр.
Учаскелерде жұмыс істеп жатқан бақылаушылар да ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін және қызметкерлердің жақсы дайындалғанын атап өтті.
Барлық техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер бақылауда, бұл азаматтардың өз дауысын қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда беруіне мүмкіндік береді.
- Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-приде төрт жүлде жеңіп алды 21:48
- Атырауда «ALTYN ORDA» халықаралық садақ ату турнирі өтіп жатыр 21:11
- БРИКС, БАӘ және транзит: Қазақстан экономикалық мүмкіндіктерін қалай кеңейтуде 20:59
- БРИКС плюс: Қазақстан транзит пен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейтуде – Сарапшы 20:58
- Жапонияда үкімет қайта жасақталады: Такаити қарсыластарын қызметінде қалдырмақ 20:55
- Қосшыда сауда үйінде жанжал шығарған ер адам 15 тәулікке қамалды 20:40
- Қазақстанда алғаш рет: Алматының қалалық кардиоорталығы JCI аккредитациясын алды 20:10