Әзербайжанда Түркі ақпарат агенттіктерінің басшылары бас қосты

Әзербайжанда Түркітілдес ақпарат агенттіктерінің басшылары бірінші рет жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шушадағы 2-ші медиа форум аясында өткен кездесуге Әзербайжан мемлекеттік ақпарат агенттігінің (AZERTAC) директорлар кеңесінің төрағасы Вугар Әлиев, қазақстандық Qazcontent медиа-компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Бекзат Жүсіп, Қырғыз ұлттық ақпарат агенттігінің (Кабар) директоры Медербек Шерметалиев, Өзбекстан ақпарат агенттігінің (UzA) бас редакторы Дурдона Салихова және Венгрия ақпарат агенттігінің креативті директоры Роберт Карасз қатысты.

Сондай-ақ алқалы жиынға Анадолы агенттігінің басқарма мүшесі Юсуф Озкыр, Бакудегі Түркия елшілігінің баспасөз кеңесшісі Джихангир Ишбилир, AA стратегиялық коммуникациялар және брендті басқару директоры Хазал Дуран және Anadolu агенттігінің Азия және Кавказ елдері бойынша жаңалықтар департаментінің директоры Толга Озгенчте келді.

Qazcontent төрағасы Бекзат Жүсіп ATNA (Alliance of Turkic News Agencies) ұйымы түркі елдерінің қарым-қатынасын одан әрі нығайтатынын айтты. Ал Әзербайжан мемлекеттік ақпарат агенттігінің (AZERTAC) директорлар кеңесінің төрағасы ATNА бірлескен жобаларды қолға алу керегін атап өтті.

ATNA түркі әлемінің жаңалықтары жиналатын, бірлескен әрекеттеріміз үйлестірілген және бірлескен жобалар дайындалатын құрылым рөлін атқаруы керек. Ақпарат саласындағы бірлескен күш-жігеріміз елдерімізді жақындастыруға қызмет етпек, - деді Вугар Әлиев.

Оның айтуынша, ATNA басқа аймақтық ұйымдармен ынтымақтастықтығые арттыруы керек. Ол ATNA-ға төрағалық ететін Anadolu агенттігінің бұл бағытта жұмыс істеп жатқанын және ұйымның басқа мүшелерінің де бұл мәселеге белсенді түрде атсалысуы қажетін айтты.

Anadolu агенттігінің өкілі Юсуф Озкырдың айтуынша, Түркі әлемінің ақпарат агенттіктерінің ынтымақтастығы жалған ақпаратпен күресуде де, мәдениет пен коммуникация саласындағы ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ бірлескен білім алуда да маңызды.

Онымен қоса, Озкыр ATNA-ға мүше елдердің тілшілері үшін соғыс жағдайында хабар тарату бойынша тренинг өткізгенін атап өтті. Айтуынша, АТНА аясында АА ұйымдастырған арнайы оқу өте сәтті және нәтижелі өткен.

Қырғызстан Ұлттық ақпарат агенттігінің директоры Шерметалиев аймақтың қиын кезеңді бастан өткеріп жатқанын, сондықтан түркі елдерінің ақпарат агенттіктерінің бірігуі маңызды деді.

ӨзА бас редакторы Салихова ATNA мүшелерімен бүкіл салада ынтымақтасуға дайын екенін және бұл ынтымақтастықтың түркі әлемі үшін маңызды мақсатқа қызмет ететініне сенім білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы