Бүгiн 2026, 12:18 Фото: Report

Әзербайжанда қарбыздардың ішінен ірі көлемдегі есірткі партиясы табылды

Қарбыздар Ираннан Грузияға тасымалдау кезінде анықталды.

Әзербайжан мемлекеттік кеден комитетіне қарасты Балакен кеден басқармасының қызметкерлері тексеру барысында заңсыз айналымнан ірі көлемдегі марихуана партиясын тәркіледі.

Бұл туралы Report агенттігі хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Ираннан Грузияға қарбыз тасымалдап бара жатқан көлік «Мазымгара» кеден бекетіндегі стационарлық рентген құрылғысымен тексерілген. Тексеру кезінде күмән тудырған белгілер анықталып, жүк толықтай қайта қарауға жіберілген.

Кинологиялық қызметтің иті қолданылған тексеру барысында жалпы салмағы 110 келі 300 грамм болатын ірі көлемдегі марихуана табылған.

Аталған дерек бойынша тергеу басталды.