Әзербайжанда мектеп директорының көлігін өртеді: Тағы бір күдікті ұсталды
Бакуде мектеп директорына тиесілі Kia көлігін қасақана өртеу ісі бойынша тағы бір адам қамауға алынды. Тергеу барысында не анықталды?
Бакуде мектеп директорының Kia маркалы көлігін қасақана өрттеу ісі бойынша тағы бір күдікті қамауға алынды. Қазір қылмыстық істің мән-жайы анықталып жатыр.
Әзербайжанның Баку қаласындағы Гарадаг ауданында мектеп директорына тиесілі көлікті қасақана өртеу ісі бойынша тағы бір адам ұсталды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция жүргізген жедел іс-шаралар барысында оқиғаға қатысы бар деген күдікке ілінген Илкин Новрузов анықталып, ұсталған. Тергеу мәліметінше, ол бұған дейін күдікті ретінде аталған Фуад Ибрагимовтың танысы әрі қылмысқа сыбайлас ретінде қарастырылып отыр.
Илкин Новрузовқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
Айта кетейік, оқиға бірнеше күн бұрын Бакудің Гарадаг ауданында болған. Белгісіз біреулер мектеп директорына тиесілі Kia маркалы автокөлікті қасақана өртеген. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттерін жалғастырып жатыр.