Әзербайжанда көшкін салдарынан ауылға апаратын жол бүлінді
Әзербайжанның Астара ауданындағы Ваго ауылында көшкін болып, өзен бойындағы бетон бөгеттер қирап, ауылға апаратын жолдың бір бөлігі зақымданды. Бұл туралы BAQ.KZ Report агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға орнына тиісті қызмет өкілдері жіберіліп, салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Астара мелиорация қызметінің бас инженері Фарид Юсифовтың айтуынша, 1970-жылдары салынған бөгет конструкциялары топырақ эрозиясы салдарынан өзенге шайылып, нысанның кейбір бөліктеріне айтарлықтай зақым келген.
Жолдың тарылуына байланысты аталған аумақта көлік қозғалысы үшін қауіпсіздік шаралары енгізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы