Әзербайжанда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынды
Ал 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер аккаунтты тек заңды өкілінің келісімімен тіркей алады.
Әзербайжан парламенті балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануіне қатысты жаңа талаптарды үшінші оқылымда қабылдады. Түзетулер «Ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы» заңға енгізілді.
Ара.az порталының жазуынша, жаңа нормаға сәйкес, 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерде жеке аккаунт ашуға тыйым салынады. Ал 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер аккаунтты тек заңды өкілінің келісімімен тіркей алады.
Платформалар пайдаланушылардың жасын банк картасы, электрондық пошта және телефон нөмірі арқылы тексеруге міндетті. Сондай-ақ ата-аналар баласының аккаунтындағы контентті, көрсетілетін жарнаманы және әлеуметтік желіні пайдалану уақытын бақылау мүмкіндігіне ие болады.
Заңға сәйкес, провайдерлер пайдаланушының жасына күмән туған жағдайда қайта тексеру жүргізіп, талап бұзылған жағдайда аккаунтқа қолжетімділікті шектеуі тиіс. Жасты растау үшін жиналған жеке деректер тек тексеру мақсатында пайдаланылып, кейін бірден жойылуы қажет.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілер балаларға зиянды контентті анықтап, 24 сағат ішінде жоюға міндеттеледі.
Заң жарияланғаннан кейін 12 айдан соң күшіне енеді. Осы уақыт ішінде платформалар жас шектеулерін тексеретін техникалық жүйелерді енгізуі тиіс. Заң жобасы парламентте үшінші оқылымда қабылданды.