15 Тамыз 2025 2025, 09:03
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Әзербайжан президенті Қазақстанға келуі мүмкін
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін. Бұл туралы Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-дағы ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекеттер басшылары бұл мәселені жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде талқылады. Қазіргі кезде сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр, - деп жазды Руслан Желдібай.
Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған еді. Президенттер өзара байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі елдің одақтастық қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.