Әзербайжан мұсылмандары Қазақстанға алғыс айтты

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-Уль-Ислам Аллахшүкір Паша-Заде аумақтық тұтастығын қалпына келтірген Әзербайжан тарихи мұраларын қайта қалпына келтіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің 4 қарарының негізінде өзінінің аумақтық тұтастығын қалпына келтірген Әзербайжан басқыншылардан азат етілген аумақтарында мәдени және рухани мұра объектілерін, соның ішінде вандализмге ұшыраған мешіттер мен шіркеулерді қалпына келтіріп жатыр. Біз Әзербайжандағы қайта қалпына келтіру жұмыстарына атсалысып, қаржылай көмек көрсеткен елдерге алғыс айтамыз. Әсіресе, Физули қаласында салынған Құрманғазы атындағы шығармашылықты дамыту орталығын сыйға тартқан бауырлас Қазақстанға шексіз алғысымызды білдіреміз, - деді Шейх-Уль-Ислам Аллахшүкір Паша-Заде.

Кавказ мұсылмандарының басшысы Астанадағы съезде көтерілетін бастамаларды қолдауға дайын екенін айтты.

Өткен жылы біздің елде сапар аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан басшымен осы орталыққа барды. Бұл орталық бауырластығымыздың бірден-бір көрсеткіші екенін айтқым келеді, - деді ол.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы