Әзербайжан мен Армения арасында қақтығыстан кейінгі алғашқы келіссөз өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Таулы Карабахта болған әскери қақтығыстан кейін қос ел арасындағы алғашқы келіссөз Тбилисиде өтті деп хабарлайды «Хабар 24».
Тараптар қарым-қатынасты тұрақтандыру мен екі жаққа жүктелген міндеттерді орындаудағы қадамдарды талқылады. Армения Сыртқы істер министрі гуманитарлық мәселемен қатар тұтқынға түскен армян сарбаздарын босату мен із-түзсіз жоғалғандар тағдырын анықтаудың маңызына тоқталды.
Ал Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі, сенбі күні Армения тарапы шекарада атыс ұйымдастырғанын мәлімдеген. Әзірбайжан қарымта жауап ретінде оқ атты. Зардап шеккендер жоқ. Диалог жүргізуге қос елдің президенттері мамыр айында келіскен еді. Оған Еуроодақтың да ықпалы тиді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әскери қызметші суға батқан адамды құтқарды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы