Әзербайжан мен Армения Ақ үйде бейбіт келісімге қол қояды
АҚШ президенті Дональд Трамп Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен Ақ үйде өтетін тарихи бейбітшілік саммитін асыға күтіп отырғанын мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен Ақ үйде өтетін тарихи бейбітшілік саммитін асыға күтіп отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social желісінде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ Известияға сілтеме жасап.
Бұл екі ел ондаған жылдар бойы соғысып келді. Ертеңгі саммит – бейбітшілікке жасалған маңызды қадам, - деді Трамп.
Оның айтуынша, кездесу барысында екі ел арасында бейбіт келісімге қол қою рәсімі өтеді деп күтілуде. Сондай-ақ, АҚШ Армения және Әзірбайжанмен экономикалық ынтымақтастық туралы екіжақты келісімдер жасамақ.
Трамп бұл келісімдер Оңтүстік Кавказ аймағының әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бұған қоса, Ақ үйдегі саммит аясында Армения Нахичеванды Әзірбайжанмен байланыстыратын көлік дәлізін игеру құқығын АҚШ-қа беруі мүмкін екені хабарланды. Бұл инфрақұрылым Армения заңнамасына сай жұмыс істейтін болады.
Айта кетейік, Пашинян бұған дейін Армения Конституциясына бейбітшілік келісіміне қол жеткізу үшін өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.
- Чехия Орта дәлізді цифрландыруға атсалысуға дайын 13:13
- Рэпер NAVAI есірткі контрабандасы ісі бойынша қамауға алынды 12:50
- Орта дәлізде жүк тасымалы қалай жылдамдайды? Түркия өз ұсынысын айтты 12:48
- Алматыдағы құрылыс алаңынан шыққан жағымсыз иіс тұрғындардың мазасын қашырды 12:39
- Қала көз алдымызда дамып келеді. Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы несімен таңғалдырады? 12:35
- Қазақстанда Қашаған кен орнында екі газ өңдеу зауыты салынады 12:21
- Әуежайларда Қазақстанға жалған құжатпен кірмек болған 19 шетелдік анықталды 12:08