Әзербайжан қызанақтарынан вирус анықталды – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 16 қаңтардан бастап ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті карантиндік фитосанитариялық шара ретінде Әзербайжан Республикасының аумағынан қызанақты алып келуге уақытша шектеу енгізді.
АШМ хабарлауынша, Әзербайжан елінен жеткізілген қызанақ жемістеріне карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде 17 жағдайда Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы анықталды. Осыған байланысты Комитет уақытша карантиндік фитосанитариялық шара енгізді.
ISPM №13 «Сәйкестік және төтенше жағдайлар туралы ескерту нұсқаулығы» Халықаралық стандарттарына сәйкес Әзірбайжан агенттігіне тиісті нотификациялар жіберілді. Қазақстан Республикасының аумағында вирустың таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары 2021 жылғы 16 қаңтардан бастап енгізілді, - делінген таратылған ақпаратта.
Қызанақ жемістерінің Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы алқа тұқымдастары дақылының 30-70% өсімінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы