6 Мамыр 2024 2024, 12:41 Фото: - Архив

Әзербайжан-Армения келіссөзі Алматыда қай күні өтетіні белгілі болды

Күні 10 мамырға белгіленді.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, Әзербайжан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөздер Алматы қаласында 2024 жылғы 10 мамырда өтеді, – деді ол.

Бұдан бұрын СІМ аталған келіссөздерге Қазақстан тарапы қатыспайтынын айтқан.