Азат Перуашев бастаған Республикалық штаб өкілдері Қостанай облысына барды
«Ақ жол» демпартиясының сайлауалды штабы ел аумағы бойынша халықпен және еңбек ұжымдарымен кездесулерін белсенді түрде жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
700-ден астам партия кандидаттары қала, облыс, аудандар мен шалғай ауылдарда кездесулер өткізуде.
Бүгін «Ақ жол» республикалық штабының мүшелері Қостанай қаласына келді. Партия лидері Азат Перуашев, «Ақ жол» ҚДП Қостанай облыстық филиалының төрағасы Махаббат Жұтаев және Мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар «Beef Export Group» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорын етті қайта өңдеу, консервілеу және сатумен айналысады. Сайлау штабының мүшелері кәсіпорынның жұмысымен, өнімдерімен танысты.
Жиын барысында партия төрағасы «Ақ жол» демпартиясы жұмыс істеп жатқан алты негізгі бағыттарын атады. Тәуелсіздік және «Алаш» ұлттық идеясы, демократия және парламентаризм, жемқорлықпен күрес және де-офшоризациямен күрес, әлеуметтік әділеттілік, нарықтық экономика және кәсіпкерлікті қолдау, сыртқы саясат. Партия басшысы демократия және парламентаризм тақырыбына, мемлекеттік бюджетті бекіту мен бақылаудағы Парламенттің өкілеттігін күшейту, шетелдік инвесторлармен келісім-шарттарды қайта қарау мәселелеріне жан-жақты тоқталды.
«Әділеттілік адам құқығына ғана қатысты емес, сонымен қатар, әлеуметтік салада да, экономикада да әділдік болуы керек, мысалы, әділ салық салу. «Ақ жол» демпартиясы салық, инвестициялық, қаржылық заңнаманы жетілдіру бойынша тоқтаусыз жұмыс істеуде», - деді А. Перуашев.
Сонымен қатар, қызметкерлерді зейнет жасы, ипотекалық несиелеу, жеке тұлғалардың банкроттығы мәселелері қызықтырды.
Партия көшбасшысы 3 наурызда «Ақ жол» демпартиясы 8 жылдан бері талап етіп келген жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның күшіне енгенін еске салды. Президент Қ.Тоқаевтың тікелей тапсырмасынан кейін ғана іс алға жылжыды.
Кездесу ашық әрі еркін пікіралмасу түрінде өтті.
«Азат Тұрлыбекұлы, келгеніңізге рахмет. Біздің еңбек ұжымы «Ақ жол» партиясының саясатын толықтай қолдайды. Сізбен танысқан кезде біздің компания дағдарысты жағдайда болды. Сізге алғысым шексіз, өйткені сіз ештеңеге қарамастан біздің мәселемізге тереңірек үңіліп, әділдік үшін табандылық таныттыңыз. Соның арқасында осы кәсіпорынның құрылысын аяқтадық. 2020 жылы Beefstream компаниясының есепшоттары бұғатталғандықтан, 50 адам жұмыссыз қалды. Бірақ осы компанияны салып, мұнда адамдарды жартылай жұмыспен қамтыдық. Ол болмаса, біз бұл жерде тұрмас едік. Қанша қылмыстық іс қозғалғанын, қанша қысым жасалғанын білсеңіз ғой. Бірақ сіздің қолдауыңыздың арқасында біз қазір жұмысты жалғастырудамыз. Алда талай істер күтіп тұр деп ойлаймын. Сондықтан, біздің еңбек ұжымы партия идеясын, партия саясатын толық қолдайды және «Ақ жол» партиясының қатарына қосылуды қалайды, – дейді серіктестік басшысы Александр Пархоменко.
Азат Перуашев ет комбинатының ұжымына алғыс білдіріп, баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырған салаларды атады. Компанияның бірнеше қызметкеріне «Ақ жол» демократиялық партиясының партбилеттері табысталды.
*Материалдың ақысы «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлау қорынан төленді.