Азат Мақсұм UFC-мен келісімшарт жасасты

OCTAGON лигасының чемпионы, қазақстандық файтер Азат Мақсұм (16:0) UFC-мен келісімшартқа отырды. Бұл жайында оның менеджері Саят Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Файтер Азат Мақсұм 2021 жылы Octagon лигасының турнирінде қырғызстандық Азамат Қарабековті бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңгеннен кейін өзінің UFC-ге баратынын айтқан еді.

Өзім күтпедім. Эмоция үстінде болдым. Мұнымен тоқтамаймыз. Болашақта BRAVE-ке, одан кейін UFC-ге барамыз, - деген еді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Саят Әбірахмновтың Instagram парақшасынан
Өзгелердің жаңалығы